Синоптиктердің болжамы бойынша бүгін астанада көктайғақ болып, тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Көкшетауда жаяу бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде нөсер жауын мен қар жауады. Таразда түнде және таңертең нөсер жауын және қар жауады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман түсуі мүмкін.
Қарағанды облысында кей жерлерінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағандыда түнде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метр болады, күндіз екпіні 25 метрге жетеді. Павлодар қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 25 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Шымкентте түнде нөсер жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістанда түнде және таңертең найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар, күндіз жаңбырдың соңы қарға ұласады. Кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Петропавлда тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні 25 м/с-қа күшейеді.
Маңғыстау облысында тұман болады.