Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды
Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды
5,191
оқылды
Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды,– деп хабарлады облыстық  полиция департаменті
"2021 жылғы 28  наурызда Павлодар қаласының Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында қоқыс контейнерінің жанынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды",– деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.  
ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Павлодар қаласындағы УҰИ-ге қамалды. Қылмыстың  қалай болғаны сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталады.