Мемлекет көпбалалы аналарға қанша ақша жұмсады?
Мемлекет көпбалалы аналарға қанша ақша жұмсады?
521
оқылды
Мәселен, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шеңберінде 2020 жылы шамамен 1,9 млн адамға республикалық бюджеттен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 635,3 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді, бұл 2019 жылғы төлемдер сомасынан 71%- ға (372 млрд теңге) артық. Атап айтқанда, 430,7 мың адам жалпы сомасы 52,3 млрд теңгеге бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы алды. 2020 жылы бала бір жасқа толғанға дейінгі ай сайынғы жәрдемақыны орта есеппен 120,9 мың адам алған. Кеткен қаражат көлемі 31,7 млрд теңге. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы жәрдемақымен жалпы сомасы 49,1 млрд теңгеге 232,3 мың әйел қамтылды. Сонымен қатар, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны 2020 жылы жалпы сомасы 236,2 млрд теңгеге 428 290 мың отбасы алды. 2020 жылы мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдарға ай сайынғы жәрдемақыны 89,5 мың адам 49,6 млрд теңге сомасында алды. 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны 14,5 мың адам алды, оларға 8 млрд теңге төленді. Болашақ ана бала тууға толық дайын болуы үшін 2008 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыс істейтін әйелдерге МӘСҚ қаражаты есебінен жүктілікке және бала тууға байланысты біржолғы төлем жүзеге асырылады. 2020 жылы оны жалпы сомасы 96,4 млрд теңгеге 203,1 мың адам алды. 2021 жылға балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 755,4 млрд теңге, оның ішінде бюджеттен 501,7 млрд теңге және МӘСҚ-тан 253,7 млрд теңге қарастырылған. Мемлекет Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ана капиталын енгізу туралы мәселені қарастырып отырған жоқ. 2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 45,6 млрд теңгеге орта есеппен 433,6 мың отбасы қамтылды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.   Мүгедектік және асыраушыдан айырылу бойынша жәрдемақыға қанша қаражат бөлінді? 2021 жылғы қаңтар-ақпан айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 51 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына 13,5 млрд теңге жұмсалды. Айта кетерлігі, мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады. 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 211 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 976 теңгені құрады.  width= Атаулы әлеуметтік тағайындаудың тәртібі өзгерді ме? 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай  бойынша 128,8 мың отбасындағы 649 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл мақсатқа бюджеттен 122,8 млрд. теңге бөлінді. Елімізде АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. 2021 жылғы 1 наурызға АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 154,3 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды. АӘК алушыларға 2020 жылғы II,III және IV тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындауға өтініш ұзартылды. АӘК үшін жаңа әмиян Енді атаулы әлеуметтік көмек ретінде тағайындалған қаражат енді әлеуметтік әмиянға түседі. Әлеуметтік әмиян – бұл банк картасына балама және оның банктерде бар барлық мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік әмиянның артықшылығы – ол Ұлттық банк жүйесінде әрбір қазақстандыққа ЖСН бойынша ашылады. Шот ашу немесе банк картасын жаңарту үшін (әрбір 3 жыл сайын) екінші деңгейдегі банктерге тұрақты түрде бару қажет болмайды. Бұл сондай-ақ әмиянға әлеуметтік төлемдерді проактивті түрде есептеуге мүмкіндік береді.
«Азаматтарға әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың қайда есептелетінін таңдау мүмкіндігі беріледі: әлеуметтік әмиянға электрондық ақшамен немесе әдеттегі тәсілмен банк картасына аудару. Әлеуметтік әмияннан өз қаражатын банк картасына аударуға және оны әдеттегідей пайдалануға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға болады», – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.
Әмияннан онлайн режимінде төлем жасауға (мысалы, коммуналдық қызметтер, телефон және т.б. үшін) болады. Азамат әлеуметтік әмиянды, оның ішінде қолма-қол ақшаны пайдалану кезінде ешқандай кедергі болмайды,– деп сендіреді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мемлекет 2021 жылы бала туғанда берілетін жәрдемақы қандай? Барлық ата-ана баласына жәрдемақы ресімдеуге құқылы. 2021 жылы АЕК мөлшері ұлғайып, балаға берілетін төлем 2 мың 917 теңгені құрады. Бала туғанда біржолғы төлем беріледі. Ол жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердің қамқоршыларына мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Бала туылғанға дейін жұмыс істеген аналар декреттік төлем алады. Бұл төлем босанған әйелдің еңбекке жарамсыздық парағы бойынша бір рет төленеді. Ол үшін босанған ана жұмыс істеген кезінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына тұрақты түрде аударым жасап отыруы керек. Жұмыс өтілі маңызды емес, төлем көлемінің жоғары болуы маңызды.
  • Соңғы 12 айдағы әлеуметтік аударым мөлшері;
  • Қызметкердің ауырып демалыс алған күндерінің коэффициенті (126 күнде ол стандартты түрде 4,2-ге тең);
  • Зейнетақы қорына он пайыз мөлшерде жарна аударылуы тиіс.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:
  • жүктілікке және босануына байланысты жәрдемақыларды тағайындауға құжаттарды уақытша жұмысқа қабілетсіздігі парағы берілген күннен бастап 12 айдан асырмай беру қажет;
  • 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күннен бастап 12 айдан асырмай беру қажет.
Баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы барлық босанған, жұмыс істейтін, сондай-ақ жұмыс істемейтін әйелдерге тағайындалады.  Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшерін қалай есептеуге болады? Баланың тууына арналған жәрдемақының мөлшері бекітілген, бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК* – және  төртінші және одан көп балаға – 63 АЕК құрайды. * 2021 жылы АЕК 2 917 теңгені құрайды. Жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай есептеуге болады? Осы әлеуметтік төлем тек жұмыс істейтін әйелдерге есептелген және бір рет төленеді. Орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік аударымдар бойынша нақты жұмыс істеген мерзімінде соңғы 12 ай ішіндегі әлеуметтік аударымдар бойынша анықталады. Әлеуметтік төлем мөлшерін білу үшін соңғы жылдағы орташа айлық табыс мөлшерін жұмысқа қабілетсіздік күндер санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек. Мысалы, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнтізбелік күнге берілсе, онда коэффициент 126/30=4,2 тең болады. Айлық табысы 7 ЕТЖ кем болған кезде жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылғанына байланысты әлеуметтік төлемдерді есептеу үлгісі   ЕТЖ 01.01.2021 бастап 42 500 теңгені құрайды.   Мысалы, бір жыл ішінде Сіз міндетті зейнетақы жарнасын (МЗЖ) шегергенде 1 944 000 теңге табыс алдыңыз: 1 944 000 теңге / 12 = 162 000 теңге, 162 000 теңге * 4,2 = 680 400 теңге; 68 080 теңге сомадағы әлеуметтік төлемнен 10% МЗЖ ұсталады және Сіздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шотыңызға аударылады. Сіздің банктік шотыңызға 612 360 теңге аударылатын болады. Әлеуметтік аударым табыстан МЗЖ ұсталып, 3,5% мөлшерлемесімен төленеді. Орташа айлық табыс мөлшері соңғы 12 айда түскен әлеуметтік аударымдар негізінде есептеледі. Сондықтан, егер сіз, мысалы, 12 есептік айдан 8 ай жұмыс істесеңіз, онда 8 ай ішіндегі жалпы сома жылдағы 12 айға бөлінетін болады. Ай сайынғы табысы 7 ЕТЖ-дан асатын әйелдерге есептеу үлгісі мынадай: Егер Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес 7 ЕТЖ = 7 * 42 500 теңге әлеуметтік аударым есептеу объектісі ай сайынғы ең жоғарғы мөлшерінен асатын ай сайынғы табыс 500 000 теңгені құрайтын болса, онда əлеуметтік төлем мөлшерін анықтау үшін ай сайынғы табыс мөлшері 297 500 теңге деңгейінде ескеріледі. Осылайша, көрсетілген табыстан Қорға ай сайын 12 ай бойы әлеуметтік аударым түссе, онда әлеуметтік төлем: 297 500 теңге * 4,2 = 1 249 500 теңге. Әлеуметтік төлемнен 124 950 теңге сомасынан 10% МЗЖ ұсталады және БЖЗҚ аударылады. Сіздің банктiк шотыңызға 1 124 550 теңге аударылады. ҚР Еңбек кодексінің 99-бабы 4-тармағына сәйкес егер еңбек және (немесе) ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші орташа жалақыны сақтай отырып, Қордан төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегеріп, жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді. Еңбекақысы 7 ЕТЖ-дан асатын әйелдер үшін есептеу мысалы Егер әйел бір жыл ішінде 500 000 теңге мөлшеріндегі табысқа ие болған болса және бұл ретте 126 күнтізбелік күн мөлшерінде жүктілікке және босануға байланысты толық мөлшерде демалыс алатын болса, онда төлем төмендегідей есептеледі: 500 000 * 4,2 – 10 % = 1 890 000 тг. Бұл сома жұмыс істейтін әйелдер үшін ӘТжб байланысты бір жолғы төлем мөлшерінен асады. Осы сомадан әйел барынша тиесілі төлемді алады – 1 124 550 теңге. 1 890 000 – 1 124 550 = 765 450 тг. Қалған соманы (765 450 тг.) жұмыс беруші төлеуі мүмкін. Егер есептеу кезеңі түрлі жылдардың айларын қамтитын болса, онда әр кезең үшін сома сол жылдағы АЕК-ке сәйкес есептелетінін ескеру қажет (2020 жылы – 42 500 теңге). Еңбекақының нақты мөлшері сіздің әлеуметтік аударымдарыңызбен расталады. Бұл есептеген кезде табыс мөлшері аталған кезең ішінде Қорға түскен әлеуметтік аударымдар бойынша айқындалатынын білдіреді.