«Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері 32 жастағы азаматшаны қолға түсірді. Ол 27 жастағы қызды жезөкшелік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Белгілі болғанындай зардап шеккен жәбірленуші Солтүстік Қазақстан облысының тумасы болып шықты. Ол жақында танысқан адамның үйінде пәтер жалдаған. Алайда ақпан айында пәтердің ақысын төлей алмаған соң, күдікті оны интимдік қызмет арқылы төлетуге мәжбүрлепті»,– дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 308-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Куәгерлер аталған жағдайға қатысты толық түсініктеме берген. Сонымен қоса күдікті азаматша да өз ісін толықтай мойнына алыпты. Енді «жеңгетайлық» жасаған әйел 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы