Елордада IV тоқсанда қай сыныптың оқушылары мектепке барып оқитыны белгілі болды
Елордада IV тоқсанда қай сыныптың оқушылары мектепке барып оқитыны белгілі болды
161
оқылды
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды күшейтудің қосымша шаралары туралы Қаулыға қол қойды. Осылайша оқушылар оқу жылын қашықтан оқыту режимінде аяқтайды,– деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. IV тоқсанда 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда елорданың барлық оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді.
«IV тоқсанда меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысын қашықтан оқыту тәртібінде ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптарды (9, 11 (12) сыныптар) қоспағанда олар үшін оқыту аралас форматында (пәндердің 70%-ы– дәстүрлі форматта, 30%- ы — қашықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша рұқсат етіледі»,– делінген қаулыда.
Жаңа қаулы 2021 жылғы 30 наурызда күшіне енеді. Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақта» орналасқан. Күн сайын қалада коронавирустық инфекцияның 300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан КВИ ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік режим талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.