ҚФФ: Қазақстан құрамасында ешкім коронавирус жұқтырмаған
ҚФФ: Қазақстан құрамасында ешкім коронавирус жұқтырмаған
5,163
оқылды
Қазақстан футбол федерациясы ел құрамасының штабынан коронавирус анықталғаны туралы қауесетті теріске шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz. Telegram арналардың бірінде жаттықтырушы Сергей Калюбин мен әкімші Максим Шауберттің инфекция жұқтырғаны туралы ақпарат тараған. Сыбыстарды ҚФФ баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен жоққа шығарды.
«Франциямен матч алдында Сергей Калюбин ауырып қалды. Коронавирус емес, жай суық тиген. Ал Максим Шауберт бір апта бұрын отбасылық жағдайына байланысты демалыс алды», – деді ол.