Атырау облысында полиция қызметкері асылып қалған
Атырау облысында полиция қызметкері асылып қалған
146
оқылды
Бүгін, 29 наурызда таңғы сағат 8 шамасында Атырау облысы Құрманғазы ауылында полиция қызметкері асылып қалды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы. 25 жастағы Құрманғазы ауданының тумасы Теңіз полиция бөлімінде кезекшінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Оның денесі стадиондағы турникте асылып тұрған күйде табылған. Жергілікті құқық қорғау органдарында бұл наурызда болған үшінші жағдай екені айтылады. 20 наурызда Махамбет ауданында тағы бір 25 жастағы полицей өлі табылған еді. Жайық өзенінің жағалауында оның көлігі тұрған. 19 наурызда ҚПБ психологы болып жұмыс істеген полиция лейтенанты өз үйінде өлі табылған. Бұл оқиға оның тойына бірнеше күн қалғанда болған. Атырау облысы бойынша полиция департаменті қызметкерлерінің өліміне қатысты пікір білдірді.
"Осы жылдың 29 наурызында Құрманғазы ауданында болған 1996 жылы туған полиция қызметкерінің қайтыс болу фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 20 наурызда Жайық өзенінде мәйіті табылған полицейдің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкері 19 наурызда аурудан қайтыс болды", – деді Атырау облысы бойынша полиция департаменті бастығының орынбасары Әлихан Байдосов.