30 наурызға арналған ауа райы болжамы
30 наурызға арналған ауа райы болжамы
5,133
оқылды

Синоптиктердің болжамы бойынша бүгін ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр аралас қар жауады. Тек батыста ғана жауын-шашын болмайды.

Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте желмен қатар жаяу бұрқасын болады. Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, жаяу бұрқасын болады. Түркістан, Жамбыл облысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Жамбыл облысында көктайғақ болады. Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодар облысында жаяу бұрқасын, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облысында тұман түсіп, түнде Қызылорда облысында көктайғақ болуы ықтимал.