Шығыс Қазақстанда астан уланған оқушылар саны 120-дан асты
Шығыс Қазақстанда астан уланған оқушылар саны 120-дан асты
5,439
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, зардап шеккен балалар саны 127-ге жетіп отыр.

Департамент бастығы Қанат Тұрдиев астан уланған оқушыларға қатысты мән-жайды айтты. Бүгінге дейін 14 жасқа дейінгі 93 бала, 28 жасөспірім және алты ересек адам уланған. Бұл 127 адамның 110-ы – Бозанбай орта мектебінің оқушылары.

«Науқастардың дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсып, іші өткен. Өскемендегі Ана мен бала орталығының жұқпалы аурулар бөліміне 62 бала жатқызылды. Қалғаны үйлерінде дәрігер бақылауымен емделіп жатыр», – деді Қанат Тұрдиев.

Тексеру барысында уланғандармен байланыста болған 383 адам анықталған.

«Департамент мамандары мен Ұлттық сараптама орталығы тексеруді жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдары іс бойынша зертханалық зерттеулерге тамақ өнімдерінің сынамасы алынды. Мектеп карантинге жабылған», – деді Қанат Тұрдиев.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда мектеп оқушылары тамақтан уланғаны туралы жазған болатынбыз.