Жоғары білімі бар азаматтар көбіне қандай қылмысқа барады?
Жоғары білімі бар азаматтар көбіне қандай қылмысқа барады?
365
оқылды
Желі қолданушылары жоғары білімі бар азаматтың мұндай қылмысқа барғанына таңғалып жатты. Aikyn.kz былтыр жоғары білімі бар қанша азамат ауыр қылмыс жасағанын анықтап көрді. ҚР Бас прокуратурасы 2020 жылы тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдарының 12 айдағы қызметінің нәтижесі туралы есебінде елде 193 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзу фактісі тіркелген. Жоғары оқу орнында оқып жатқан 176 адам құқықбұзушылық жасаған. Оның 154-і қылмыс:
  • онша ауыр емес қылмыс жасағандар саны -26,
  • ауырлығы орташа қылмыс жасағандар саны - 88,
  • ауыр қылмыс жасағандар- 35,
  • аса ауыр қылмыс жасағандар - 5.
2020 жылы тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдарының есебінше, былтыр жоғары оқу орнында оқып жатқан 1 адам кісі өлтірген.  Қылмыстық кодекстің 120-бабы (Зорлау) бойынша 1 адам, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi үшін 121-бабы бойынша 1 адам және он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасағаны үшін 2 адам жауапқа тартылған. Сонымен бірге жас балаларды азғындық жолға түсіру 124-бабы бойынша 1 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 40 адам ұрлық, 32 адам бұзақылық жасаған, 13 адам алаяқтыққа барған. 2 адам пара бергені үшін жауапқа тартылған. Жоғары білімі бар 7969 адам құқықбұзушылық жасаған. Оның 6808-і қылмыс:
  • онша ауыр емес қылмыс жасағандар саны - 1823,
  • ауырлығы орташа қылмыс жасағандар саны - 2530,
  • ауыр қылмыс жасағандар- 2292,
  • аса ауыр қылмыс жасағандар - 160.
2020 жылы тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдарының есебінше, былтыр жоғары білімі бар 42 азамат кісі өлтірген. Біреудің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 110 адам, Зорлау бабы бойынша 30 адам, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi үшін 10 адам, жас балаларды азғындық жолға түсіргені үшін 8, адам ұрлаған 1, біреуді азаптау бабы бойынша 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен бірге жоғары білімі бар 1131 адам ұрлық, 1637 адам алаяқтық, 326 адам бұзақылық жасаған, 260 адам пара алған, 155 адам пара берген. Айта кетейік, бұған дейін Aikyn.kz 2020 жылы тіркелген адам өлтіру фактілері туралы деректерді жинап, криминалистердің пікірін білген еді. Кісі өлтіргендер статистикасын сараптай келе, адам өлтіру қылмысын көбіне орта және орта-арнаулы білімі бар азаматтар істейтіні белгілі болды. Одан кейін бұл қылмысты көбіне жұмыссыздар істейді. Сонымен бірге көбіне әйелдер мен 40-49 жастағы азаматтар жәбір көретіні анықталды.