Шымкентте түн ортасында қызды алып қашқандардың кім екені белгілі болды
Шымкентте түн ортасында қызды алып қашқандардың кім екені белгілі болды
163
оқылды
Nexia көлігіне әлдекімдердің қызды күштеп мінгізіп жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Сол маңдағы тұрғындар бұл оқиғаның түнгі сағат екіден кейін болғанын айтады, - деп хабарлады 24.kz. Олардың болжамы бойынша, қыз жақын жердегі мейрамханадан шыққан қонақтардың бірі болуы мүмкін. Полицейлер түн ортасында қызды алып қашқандардың жеке басын анықтады. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтау үстінде. Болжам бойынша, қызды үйлену үшін алып қашқан.
- 2021 жылдың 29 наурыз күні Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз тұлғалар қызды автокөлікке күштеп отырғызып алып кеткені туралы бейнежазба жарияланған болатын. Бұл бойынша ҚР ҚК 126-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады қалалық ПД тергеу басқармасының басшысы  Дәулеткелді Әбдіраманов.