Коронавирусқа шалдыққан жағдайы ауыр науқастардың саны артты - Цой
Коронавирусқа шалдыққан жағдайы ауыр науқастардың саны артты - Цой
140
оқылды
Коронавирусқа шалдыққан жағдайы ауыр науқастардың саны артты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 
«28 ақпанмен салыстырғанда 30 наурыздағы көрсеткіш бойынша жағдайы ауыр науқастардың саны 32 пайызға артып, 440 адамды құрады», - деді министр брифингте.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға үндеу жасағанын жазған болатынбыз.