Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2020 жылы елімізде болған қатаң карантиннің қайталануына қатысты пікір білдірді.
Министрдің айтуынша, биыл Қазақстанда коронавирус пандемиясына дайындық басқаша жүргізілді.
"Жан-жақты дайындық бар. Бізде нақты хаттамалар, әзірленген тетіктер бар, жедел жәрдем 100% жабдықталған.Халықты тестілеу қуаты он есе ұлғайтылған, дәріханаларда дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар. Қазір мемлекеттің дайындығы ойдағыдай. Сондықтан әрбір азаматтан санитарлық талаптарды сақтауды сұраймыз. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, індеттің өршуіне жол бермеуге болады", - деді министр.
Бұған дейін Алексей Цой қазақстандықтарға үндеу жасағанын хабарлаған болатынбыз.