Италиялық клуб қазақстандық футболшыға қызығып отыр
Италиялық клуб қазақстандық футболшыға қызығып отыр
241
оқылды
Футболдан Қазақстан құрамасы мен мәскеулік ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов италиялық "Аталанта" сапына ауысуы мүмкін,– деп хабарлайды Sport24. Италияның А сериясында өнер көрсететін "Аталанта" жазғы трансфер кезеңіндегі сол қапталдағы позициясын нығайтуды жоспарлап отыр. Клуб қызығушылық танытқан ойыншылар қатарында Зайнутдинов те енген. Transfermarkt Бактиерді 3,5 миллион еуроға бағалап отыр. Өткен жылдың жазында мәскеуліктер 22 жастағы футболшыны «Ростовтан» 2 миллион еуроға сатып алған еді.