WBC чемпионы Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісім берді
WBC чемпионы Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісім берді
188
оқылды
WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло (31-0-0, 22 KO) IBF және IBO нұсқалары бойынша осы салмақ дәрежесіндегі чемпион қазақстандық  Генадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) жекпе-жек өткізуге келісім берді,– деп хабарлады Vesti.kz.
“GGG әлі де көш басында. Егер мен “Канеломен” жекпе-жекке шыға алмасам, тым болмаса, мен Головкинмен кездесуге қол жеткізе аламын, солай ғой? Сіздер мені тексергенін қалайсыздар. Деревянченко ештеңе дәлелдей алмағаны бәріне аян. Алайда, ол мені “Канеломен” кездесуге жеткізеді деген еді. Мен оны жеңдім. Бірақ менің қалағанымды ешкім бере алмай отыр"– дейді Чарло  Boxingscene.com редакциясына берген сұхбатында.
Чарло өткен қыркүйекте Сергей Деревянченконы (13-3, 10 KO) төрешілер шешімі бойынша жеңіп, өз титулдарын қорғап қалған болатын. Ал украиналық өз кезегінде 2019 жылы Головкинге қарсы жекпе-жекте жеңіліс тапқан еді.