Павлодарда волейболдан әйелдер командалары арасындағы тартыс мәресіне жетті. Волейболдан 29-шы ел чемпионатында «Алтай» клубы топ жарды.
Өскеменнің клубы плей-офф кезеңінде қамшы бастырмады. Барлық кезеңде жеңіске жетті. Әсіресе, «Алтай» мен «Жетісу» арасындағы кездесу жанкүйерлерге кіші Эль-класикодай әсер қалдырады. Өйткені аталған сында жеңіске жеткені чемпион атанатыны белгілі еді. Өйткені «Алтай» мен «Жетісудің» қарқынына кез келген команда тойтарыс бере алмайды. Осылайша, «Алтайдан» кейінгі екінші орынды «Жетісу» алды. Петропавлдың «Қуаныш» командасы үшінші орынға табан тіреді. Турнирдің «Үздік шабуылшысы» атағын «Жетісу» ойыншысы Надежда Кодола мен «Қуаныш» командасындағы Светлана Парукова иеленді. «Үздік либера» атағын «Алтай» ойыншысы Мадина Бекет еншіледі. Ал «Ең бағалы ойыншы» мәртебесі «Алтайдың», ұлттық құраманың үздігі Сана Анарқұловаға бұйырды.Айбике ЖАНАСЫЛ