Ақмолада ұшақ құлағаны рас па?
Ақмолада ұшақ құлағаны рас па?
163
оқылды

Абырой болғанда ақпарат жалған болып шықты,– деп хабарлады Aikyn.kz тілшісі.

Оқиға Целиноград ауданының 96-разъезіндегі Фарфоровое станциясында болған. Аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне 30 наурыз күні хабарласқан адам станцияның жанына ұшақ құлағанын хабарлаған. Бұл хабарды естіп өре түрегелген жедел-тергеу тобы оқиға орнына құстай ұшқан.

«Жүргізілген шаралар нәтижесінде, Целиноград ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің 109 телефонына 34 жастағы Ынтымақ ауылының азаматшасы хабарласқаны анықталды. Ол 96-станцияға таман ұшақтың құлап, қою түтін көргенін мәлімдепті»,– дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Тексеріс жүргізе келе полиция қызметкерлері әйелге бұл туралы оның жұбайы айтқанын анықтаған. Ал ол аталған ақпаратты сол ауданда орта мектептердің бірінде жұмыс істейтін от жағушыдан естіпті-мыс. Сөйтіп, телефон қоңырауына тергеу амалдарын жүргізген тәртіп сақшылары ақпараттың расталмағанын мәлімдеді.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы