Египет пен Дубайдан келгендерден коронавирустың «британдық штамы» табылды
Египет пен Дубайдан келгендерден коронавирустың «британдық штамы» табылды
365
оқылды

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығы хабарлады.

«Орталықтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы толық геномдық секвенирлеу әдісімен COVID-19 оң нәтижесі бар 265 үлгіні зерттеді. SARS-CoV-2 вирусының генетикалық сипаттамасына бұл сынамалар  14 өңірден алынды. Нуклеотидтер тізбегін талдау нәтижесінде мамандар 12 вирустан «британдық штамм» генотипін анықтады. 12 штамның 8 жағдайы Шарм-ел-Шейх (Египет) және Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық рейстері арқылы келген азаматтардан табылды»,– делінген хабарламада. Орталықтың мәліметінше, қазіргі уақытта бұл елдерде SARS-CoV-2 коронавирусының «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамдары анықталып жатыр. «Британдық штамның» генотипі бар 4 дерек Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақтөбе облысында табылды. Вирус шетелден келгендерден тараған болуы мүмкін.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үндеу жасаған болатын.