Ақтөбеде құны 27 млн. теңге тұратын есірткі тәркіленді
Ақтөбеде құны 27 млн. теңге тұратын есірткі тәркіленді
129
оқылды
Ақтөбеде есірткі сатушыларды құрықтау бойынша ірі операция өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы жауынгерлерімен бірге жедел операция өткізу барысында қылмыстық топты құрықтады. Полицейлер қылмыстық топ мүшесінің Ақтөбе облысы аумағында аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тасымалдау және сақтаумен айналысқанын анықтады. "Ақпарат таралып кетпес үшін тінту және ұстау шарасы бірден бірнеше мекенжайда жүргізілді", - деді Ақтөбе облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұрлан Таушанбаев. Жұбановтар көшесінде "Toyota-Raf4" маркалы көлігі тоқтатылды. Көлік тізгінінде 54 жастағы есірткі жеткізуші болған. Оның мекенжайынан барлығы 5 келіден аса гашиш табылды. "Оның жанында екі танысы болды. Олардың бірінде өзімен бірге 1 келіден аса марихуана және 10 грамнан аса гашиш болды. Пәтерін тінту кезінде 22 келіден аса марихуана табылды", - делінген ведомство хабарламасында. Тәркіленген есірткінің "қара нарықтағы" құны 27,2 миллион теңге. Ұсталғандардың бәрі Ақтөбе қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалған