Карантинге байланысты 42 500 теңге тағы да төлене ме?
Карантинге байланысты 42 500 теңге тағы да төлене ме?
289
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгені қайтадан төлеу жоспарда жоқ екенін хабаралады, – деп жазды Tengrinews.kz.

«Қазақстан өңірлерінде жекелеген қызмет түрлеріне және қысқа мерзімге, негізінен, демалыс күндеріне шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Бүгінде бизнесті қолдау ретінде жеңілдіктер (салық және өзге де есептілікті тапсыру, қызметті тексеруге мораторий) енгізілген. Осыған байланысты 42 500 теңге төлемді қайта бастау туралы мәселе қаралмайды», – деді министрлік өкілі.

Министрліктің мәліметінше, төтенше жағдай режимі мен карантин кезінде табысынан айырылған тұрғындарға 42 500 теңге төленген болатын. Жалпы сомасы 476,3 миллиард теңге төлемді 4,6 миллионнан аса адам алған еді.

Бұған дейін 42 500 теңге алғандар сотталмайтыны туралы жазған болатынбыз.