Алматы іргесіндегі «Алтын Орда» базарында жанжалдасқан көлік жүргізушісі мен автотұрақ қызметкері татуласып, қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Алтын Орда» базарында жанжалдасқандар татуласып, қылмыстық іс тоқтатылды. Қос тарап өз кінәларын мойындап, бір-бірлерінен кешірім сұрады және істің тоқтатылуын өтінді», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы маңайындағы Алтын Орда базарында төбелес болғанын хабарлаған болатынбыз.