«Оскар» салтанаты бірнеше елде өтуі мүмкін
«Оскар» салтанаты бірнеше елде өтуі мүмкін
148
оқылды

Әйгілі жүлденің марапаттау кеші алғаш рет Еуропада өтуі мүмкін. Бұл «Оскар» салтанаты АҚШ-та өтпейді деген сөз емес.

Аталған шара пандемияға байланысты  Лос-Анджелестен басқа Парижде және Лондонда өтеді деп жоспарланған. Мұның алдында құнды сыйлықты табыстау алқасы жүлдеге үміткерлердің АҚШ-қа келуін сұраған. Бірақ пандемия бұған мұрша бермей тұр. Nollywood Reporter-дің хабарлауынша, осыған байланысты 93-ші рәсімнің ұйымдастырушылары салтанатты кешті Париж бен Лондонда өткізуге шешім қабылдаған. АҚШ-тағы салтанат 25 сәуірде өтеді. Ал «Оскардың» Лондон мен Парижде қашан өтетіні белгісіз. Айта кетерлігі, АҚШ-қа келетін қатысушылар 10 күндік карантинге жабылады. Ұйымдастырушылар болса,  барлық шығынды көтеруге дайын. АҚШ-тағы марапаттаудың негізгі бөлімі екі жерде – Лос-Анджелестегі «Юнион Стейшн» вокзалында және Голливудтағы «Долби» театрында өтеді.

А. ЖОЛДАС