Инклюзивті білім беру жобасына өтінім қабылдау басталды
Инклюзивті білім беру жобасына өтінім қабылдау басталды
520
оқылды

Бүгіннен бастап «Болашақ» корпоративтік қоры 2021-2022 оқу жылына «Әр бала мектепке баруға лайықты» инклюзивті білім беру әлеуметтік жобасына қатысуға өтінімдерді қабылдайды.

Жобаның мектептерінде 1-4 сыныптарда оқуға өтінімдер аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарынан қабылданады. Балалар қор осыдан бұрын Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Петропавл, Павлодар, Екібастұз, Семей, Көкшетау, Жезқазған, Атырау, Түркістан және Қызылорда қалаларында ашқан инклюзияны қолдау кабинеттеріне қабылданады. Бүгінгі таңда Қазақстанда аутизмі бар 7 мыңға жуық бала бар, ал бейресми деректер бойынша аутизмі бар балалардың саны 30 мыңнан асады. Autism Speaks халықаралық ұйымының деректері бойынша 2020 жылы дүниежүзі бойынша әрбір 54-балада аутизм бар. 2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні. Бұл күн 2007 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясының қарарымен белгіленген болатын, онда аутизмге шалдыққан балалардың саны көп болғаны алаңдаушылық туғызды. «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру моделін әзірлеуге және Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарында енгізуге бағытталған.   қайырымдылық, жоба, Болашақ 2015 жылдан бастап қормен Қазақстанның 17 өңірінде 43 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Аутизм және басқа да менталдық бұзылыстары бар 500-ден астам бала күнделікті мектепке баруға мүмкіндік алды. Жоба еліміздің 34 мектебін және 2 астаналық балабақшаны қамтыды. Балаларында ерекше білім алу қажеттіліктері бар 1500-ден астам отбасына консультация берілді. 2000-нан астам маман инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша оқудан өтті, 400-ден астам жұмыс орны құрылды. Қор инклюзивті білім беру бойынша ҚР НҚА-на 70 түзету енгізді.

«Бүгін осы ерекше күні мен «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасына қатысатын балаларымыздың жетістіктерімен бөліскім келеді. Жобаны іске асырып келе жатқан 6 жыл ішінде жобадағы сөйлемейтін балалардың 90% сөйлеп үйренді, 19 ұл және қыз бала өз бетінше оқуға шықты, ал даму ерекшеліктері бар 50 бала мектеп, қалалық, облыстық жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері болды. Біз балаларымызды мақтан тұтамыз. Бұл мамандар мен ата-аналардың үлкен еңбегі» – деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова.

2020 жылы «Болашақ» қоры Нұрсұлтан Назарбаев қорына инклюзияны қолдау бойынша тағы 16 кабинетін ашуға жан-жақты сараптамалық қолдау көрсетті. Қазіргі уақытта бұл кабинеттер «Болашақ» қорының курациясымен жұмыс жүргізуде. «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасына аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар 7 мен 11 жас аралығындағы балалар қатысады. Жобаға қатысу үшін www.bolashakcharity.kz сайтында сауалнама-өтінімді толтыру керек. Сауалнамада баланың диагнозына, білім деңгейіне, дағдыларына және вербалды коммуникацияға қатысты сұрақтар бар. Баланың оқуға және әлеуметтенуге қабілетін бағалау мақсатында сауалнамаға баланың мінез-құлқы туралы бейне материалдарды қоса жіберу қажет. Өтінімдер осы жылдың 2 сәуірінен 3 мамырына дейін www.bolashakcharity.kz. сайтында қабылданады. Өтінімдерді толтыру және қарау тәртібі сайтта осы жылдың 2 сәуірінде жарияланады.

Бұл қайырымдылық жобасына қатысу тегін. Жыл сайын өткізілетін Қысқы қайырымдылық балында жинайтын қаражатқа және жергілікті атқарушы органдарының қаражатына жүзеге асырылады. «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасының серіктесі – Nur Otan партиясы, «Кедергісіз келешек» жобасының «Инклюзивті білім беруді дамытуға қолдау көрсету» бағыты бойынша жобалар жүзеге асып жатыр.