Қызылордада 16 жасар қыз он күннен бері табылмай жатыр
Қызылордада 16 жасар қыз он күннен бері табылмай жатыр
5,186
оқылды
Қызылорда облысының Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы балалар үйінен жоғалған қызды әлі іздеп жатыр, деп хабарлады Қазақпарат. Бұл жайында Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеген. Қызылорда полициясы отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы үйінің тәрбиеленушісі 27 тамыз 2004 жылы туған Ділда Мұсабекқызы Нұғмановаға іздеу салады. Ділда Нұғманова 25 наурыз күні түнгі 02:00 шамасында балалар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Белгілері: бойы - 175 см., шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім.