3 миллион қазақстандық туралы дерек желіге тарап кетті: ҰҚК қандай қауіп төнетінін айтты
3 миллион қазақстандық туралы дерек желіге тарап кетті: ҰҚК қандай қауіп төнетінін айтты
238
оқылды
Facebook-тегі 3 миллионнан астам қазақстандық пайдаланушының дерегі желіге тарап кетті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. "Ақпараттық қауіпсіздік инцидентін зерттеу аясында "ГТС" АҚ KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметімен Facebook әлеуметтік желісінің 3 миллионнан астам қазақстандық пайдаланушысының деректері тарап кеткені анықталды. Кеше хакерлік форум қолданушыларының бірі әлемнің 106 еліндегі Facebook әлеуметтік желісінің 533 миллионнан астам пайдаланушысының мәліметтер базасын жариялады. Зерттелген материалдарға сәйкес, желіге тегі мен аты, телефон нөмірі, тұратын елі/қаласы, Жұмыс және оқу орны көрсетілген деректер тарап кеткен. Ондағы 3 214 990 адам қазақстандық болып шықты", - деп хабарлады ҰҚК. Комитет өкілдері адамдардың жеке дерегінің таралуы қауіпті болуы мүмкін екенін айтты. Жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпаратты жария етуден; бопсалау; банк картасынан қаражатты заңсыз есептен шығару; жеке өмірге араласу; балаларға қауіп төндіруге дейін және тағы қауіп төнуі мүмкін. Кем дегенде ақпаратты, мысалы, электрондық пошта мекенжайына кез-келген компания жарнама жіберуі мүмкін. Сондықтан компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі қазақстандықтарды түрлі көздерден түрлі хабарламалар мен қоңыраулар алған кезде қырағы болуға шақырады. Егер сіз ақпараттық қауіпсіздік инцидентінің құрбаны болсаңыз, онда 1400 (тәулік бойы) тегін нөміріне хабарласыңыз немесе Telegram-чатқа өтінім жібере аласыз.