Синоптиктер 5 сәуірде Қазақстанның өңірлерінде қандай ауа райы болатынын болжады.
"Циклон солтүстік-шығысқа қарай жылжып, Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтиды және оңтүстік, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Кей жерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік-батыста – бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман, түнде көктайғақ, күндіз найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік – батыста 30 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде найзағай түсуі мүмкін.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысында боран соғады.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматыдағы ауа райы болжамы: күндіз 7°, бұлтты, жаңбыр.
Нұр-Сұлтандағы ауа райы болжамы: күндіз 3°, бұлтты.