Ғалымдар апельсин қауіпті дертке шалдықтыратынын айтты
Ғалымдар апельсин қауіпті дертке шалдықтыратынын айтты
301
оқылды
Апельсинді шамадан тыс қолдану терінің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін дейді АҚШ-тағы Индиана университетінің зерттеушілері.

Ғалымдар күніне екі порциядан асатын цитрусты қолдану тері рагының қаупін 63 пайызға арттыратынын ескертті, – деп жазады РИА Новости. Олар цитрустық жемістердің құрамындағы фотосенсибилизациялайтын қасиеті бар псорален заты бұған себеп деп есептейді.

Мамандардың айтуынша, терісінің түсі ашық адамдарда қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупі жоғары.