Қазақстандық спортшылар жүзуден Ресей чемпионатына қатысады
Қазақстандық спортшылар жүзуден Ресей чемпионатына қатысады
174
оқылды
Татарстан астанасы Қазанда 3-9 сәуірде жүзуден Ресей біріншілігі өтеді. Аталған бәсекеге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, сондай-ақ Александр Варакин, Аделаида Пчелинцева, Әділ Қасқабай және Әділбек Мусин Қазақстан сапынан қатысады, деп хабарлады Olympic.kz Ресей чемпионаты FINA-мен Токиодағы Олимпиада ойындарының стандарттарына сай келетін іріктеу жарысы ретінде бекітілген. Жарыстың бірінші күні Аделаида Пчелинцева (50 м. брасс әдісімен), Әділ Қасқабай (50 м. арқамен жүзу) және Дмитрий Баландин (100 м. брасс) бақ сынайды. Әйелдер арасында 50 метрге брасс және ерлер 50 м. арқамен жүзу, сондай-ақ ерлер арасында 100 м. қашықтықтағы жартылай финал мен финалдан тұратын кешкі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.