Қорам ауылында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз да қайтыс болды
Қорам ауылында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз да қайтыс болды
483
оқылды

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушы қыз 4 сәуірде сағат 21:00-де қайтыс болды.

Қайғылы жағдай 2 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында болды. Ауыл тұрғыны мас күйде мектептен үйге қайтып бара жатқан төрт оқушыны қағып кетті. Екі қыз Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатты. 14 наурызда тоғыз жастағы қыздың жүрегі тоқтап, қайтыс болды.

Бұған дейін Алматы облысындағы қайғылы оқиға туралы жазған болатынбыз.