Алматыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың 5 сәуір күні Сейфуллин көшесі мен Райымбек батыр даңғылында болғанын мәлім етті.«Hyundai H 350» автокөлігінің жүргізушісі Сейфулин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып «ВАЗ 2115» автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан 1996 жылы туған «ВАЗ 2115» жүргізуші зардап шекті. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол сол жерде қалды»,- дейді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.Материалды Алмалы аудандық полиция басқармасы зерттеп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram