"Солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстанның солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын болады, кей жерлерде көктайғақ болады, батыста күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста құмды жел соғады. Оңтүстік-батыста және оңтүстік өңірлерде жаздағыдай жылы болады", - делінген хабарламада.