Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі 2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша 3 966 адам қандас мәртебесін алғанын хабарлады.
Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 миллион 74,3 мың этникалық қазақ оралды. – 2021 жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (75,6 пайыз) Өзбекстаннан, 11,9 пайызы – ҚХР-дан, 5,8 пайызы Түрікменстаннан, 3,0 пайызы – Моңғолиядан және 3,6 пайызы басқа елдерден келген. Олар негізінен Алматы (32,6 пайыз), Түркістан (16,5 пайыз) және Маңғыстау (14,2 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,0 пайыз) және Нұр-Сұлтан (5,4 пайыз) қалаларына қоныстанды, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі. 1 сәуірдегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 59,9 %, еңбекке қабілетті жастан кіші –24% және зейнеткерлер – 16,0%.А.ЖОЛДАС