Көпбалалы ана екінші рет егіз бала тапты
Көпбалалы ана екінші рет егіз бала тапты
260
оқылды

Атырау облыстық перинаталды орталықтың мәліметінше, екінші рет егіз бала босанған көпбалалы ана Мөлдір Мәжитованың жасы 36-да. Күйеуі Рашид Дайыров екеуінің 6 баласы бар.

«Ең үлкеніміз Нұрислам – 13 жаста, егізіміз Нұрсезім мен Гүлсезім – 11 жаста. Одан кейін Әділхан дүниеге келді. Биыл ол 1 жасқа толды. Екінші егіздердің есімін Көркемай мен Еркемай деп қойдық. Екеуінің салмағы – 2 400 және 2 600 грамм», – дейді Мөлдір Мәжитова.

Мөлдір Мәжитованың айтуынша, 11 жыл бұрын құрсағындағы шарана егіз екенін білгенде, аздап қобалжыған. Енді екінші рет егіз балалы болатыны туралы естігенде қатты қуанған.

Бұған дейін Алматыда егіз спортшының бір күнде үйленгені туралы жазған болатынбыз.