COVID-19: Қазақстанда 7 өңір «қызыл» аймақта
COVID-19: Қазақстанда 7 өңір «қызыл» аймақта
257
оқылды

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 7 өңірдің «қызыл» аймақта екенін айтты.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстары тұр.

«Оның ішінде, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл» аймақта 28 күн, Батыс Қазақстан облыстары 20 күн, Атырау облысы соңғы 2 апта, Ақтөбе мен Алматы облыстары соңғы апта бойы және Ақтөбе облысы соңғы тәулікте кірді», – деді Алексей Цой.

Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы – сары аймақта, қалған 8 өңір жасыл аймақта орналасқан.

Соңғы күндері Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны азаймай отыр.