Көкпар десе делебесі қозған қазақпыз. Есте жоқ ескі заманнан келе жатқан ұлттық спорт түріне бүгінде қолдау аз емес. Көшпенділердің көне құндылығы саналған ойын түрінен кейінгі кездері ұйымдастырылып жатқан жарыстар да жетерлік. Осы ретте Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Тараз төрінде «Өнер көкпары» республикалық турнирі түндігін түрді.
Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додада шабандоздар емес өнер жұлдыздары бақ сынауда. Атқа қонып серке тартқан серілердің қатарында белгілі композитор Бауыржан Есебаев, актер Мадияр Серікбаев, танымал кино жұлдызы Тәуекел Мүсілім, Қазақстан дауысы жобасының жеңімпазы Шаһаризат Сейдахмет, әнші Бағлан Әбдірайымов пен Серік Ибрагимов сынды өнер майталмандары бар.Екінші кезеңге ысқырық шалынған бойда асаба Мақсат Нұржанұлы тұлпарымен жер апшысын қуыра келіп серкені жерден іліп әкетті. Сол бойы серкені шеңберге шеберлікпен салып, есепті бір салымға дейін қысқартты. Одан кейін де жамбылдық жігіттер шабуылдарын үсті-үстіне үдетті. Алайда қарымта шабуылда қорғана алмай қалған әулиеаталық команда шеңберлеріне үшінші салымды салдырып алды. Ойынның аяқталар тұсында жамбылдықдар есеп айырмасын тағы бір ұпайға қысқартқанымен, тең нәтижеге жетуге уақыттары жетпеді. Қорытынды есеп 3:2. Осылайша жамбылдықтар оңтүстік дербиді жеңіліспен бастады. Десе де ойын екі күнге белгіленіп, командалар екі топта күш сынасып жатқандықтан бақ пен бап сыналатын сәт әлі алда. Турнирге Қарағанды, Шымкент, Алматы, Ақмола, Нұр-Сұлтан қалалары мен Жамбыл облысының өнер иелері қатысып жатқандықтан жарыс жеңімпазы ертең белгілі болады. Саятхан Сатылған, Жамбыл облысыАлғашқы салыммен шымкенттің шымыр жігіттерінің қанжығасы майланды. Кездесудің алғашқы минутынан шеберлігімен көзге түскен Қамбарбек Абдуллаұлы серкені тақымға қысқан бойы өзгелерден оқ бойы оза шауып, оны шеңберге тоғытты. Есептің жылдам ашылғанынан жамбылдық жігіттер абдырап қалғандай көрінді. Себебі көп ұзамай «Әулиета» командасының қорғанысы тағы сыр беріп, салым салдырып қойды. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін командалар арасында түсінбеушілік туып, екі мәрте салым салған Қамбарбек Абдуллаұлының өнер иесі емес, көкпар шауып жүрген шабандоз екенін алған тартқан жамбылдықтар төрешілерге шағым түсірді. Алайда бәрі сәтті аяқталып, екінші таймды қос команда да негізгі құраммен жалғастырды.