Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2022 жолдамасына қол жеткізді
Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2022 жолдамасына қол жеткізді
223
оқылды

2022 жылы өтетін футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Венгрия футболшыларымен кездесіп, 1:6 есебімен жеңіске жетті. Бұл Қазақстанның іріктеу турниріндегі қатарынан төртінші жеңісі.

Осылайша Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын жолдамаға қолжеткізді. Бірінші таймда-ақ Қазақстан футболшылары қарсылас қақпасына жауапсыз 4 доп соқты. Екінші таймда біздің ойыншылардың екі голына мажарлар 1 доппен жауап берді.

Бесінші топта өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен көш бастап, Еуро-2022 жолдамасын мерзімінен бұрын жеңіп алды.

Венгрия — Қазақстан 1:6 (0:4) Голдар: Есенаманов 5 (0:1), Валиуллин 9 (0:2), Тайнан 10 (0:3), Нодь автогол 14 (0:4), Дуглас Жуниор 23 (0:5), Дрот 25 (1:5), Ақбаликов 33 (1:6).