"Қара теңізден келген циклон салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын жауып, орталықта қатты нөсер болады, кей жерлерде көктайғақ болады. Еліміздің батыс бөлігінде ауа температурасы көтеріледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, - делінген хабарламада.