Қарағандыда екі құрылыс бригадасы бір-біріне жаппай кірпіш лақтырған, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Полиция департаментінің хабарлауынша, екі бригада арасында өзара түсініспеушілік болып, салдарынан бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтыра бастаған. Бірнеше жұмысшы жарақат алған.
«Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция қызметкерлері Қарағандыдағы құрылыс алаңдарының бірінде бұзақылық фактісін анықтады. Құрылысшылардан құралған екі бригада, шамамен 20-25 адам, бейәдеп сөздерді пайдаланып, бір-біріне кірпіш сынықтарын лақтырған. Барлық қатысушылар оқиға кезінде ұсталды», – деп атап өтті Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
https://www.youtube.com/watch?v=y_QDl1IGgok&t=12s
Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.