Полиция көлігінің үстінде суретке түскен жігіт жазаланды
Полиция көлігінің үстінде суретке түскен жігіт жазаланды
147
оқылды
Алматыда белгісіз біреу полиция көлігінің үсітінде тұрып суретке түскен. Сурет әлеуметтік желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Белгісіз ер адам суреттерді әлеуметтік желіге жариялаған. Алайда, құқықбұзушы тез арада анықталған. Хаттама толтырылғаннан кейін бұзақы сот алдында жауап берген. Оның ісі Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралған.
"Ер адам құқық қорғау органы қызметкерлеріне құрметсіздік көрсетіп, қызметтік көліктің үстінде тұрып суретке түскен. Суреттерді әлеуметтік желіде жариялады. Сот оны екі тәулікке қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты. Себебі, оның әрекеттері қоғамдағы мінез-құлық нормаларын елемегенін және қоғамдық тәртіпті бұзғанын көрсетеді", - деді сот қызметкері.