Қазанда жүзуден Ресей ашық чемпионаты өтіп жатыр. Күндізгі бағдарламада 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден іріктеу кезеңі өтті.
Қазақстан атынан сынға түскен Әділбек Мусин аталған қашықтықты 00:52.66 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтті. Осылайша, спортшымыз жартылай финалға жолдама алды. Ол іріктеу кезеңін өз тобындағы екінші орынмен аяқтаған еді. Жартылай финал 8 сәуір күні өтеді. Ал Дмитрий Баландин Ресей чемпионатында 200 м қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша күміс жүлдеге ие болды. Финалда ол тиісті қашықтықты 02:08.5 уақытта жүзіп өтті. Аталған санат бойынша ресейлік Антон Чупков алтын медаль алса, Кирилл Пригода үздік үштікті қорытындылады.Айбике ЖАНАСЫЛ