Екі полицейдің өліміне кінәлі ер адам сотталды
Екі полицейдің өліміне кінәлі ер адам сотталды
168
оқылды

Былтыр қазанда Сергей Воронцов мас күйде полицейлердің көлігіне соғылып, екі полицей қаза тапты. Кейіннен ол бірінші сот үкімін апелляцияға берді.

Бурабай аудандық сотының 2021 жылғы 3 наурыздағы үкімімен Сергей Воронцов көлікті ұрлап әкеткені және мас күйде екі полицейдің өмірін қиған жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сотталды. Сот алқасы іс материалдарын зерттеп, Сергей Воронцовтың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама нәтижесімен толық дәлелденді деген қорытындыға келді.

«Апелляциялық сот инстанциясы зардап шеккендердің пікірін, жол-көлік оқиғасы салдарының ауырлығын ескеріп, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу мерзімін 16 жылға дейін ұлғайтты. Ол, сондай-ақ, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды», – деп хабарлады соттың өкілі.

Шучинскідегі жол апатының мән-жайын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.