Тығылып той жасайтындар тығырыққа тірелді   
Тығылып той жасайтындар тығырыққа тірелді   
252
оқылды

Енді жасырын мереке өткізетіндерді ұялы телефонмен аңдиды. Бұл жайында Үкімет отырысында еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.  

Министрдің сөзіне сүйенсек, енді тығылып той жасайтындардың жолы түбегейлі кесілмек. Ол үшін құзырлы мекеме арнайы бағдарлама дайындаған. Ол арқылы адамдар көп шоғырланған жерді телефонның жылуы арқылы анықтауға болады. Яғни, телефоныңыз қосулы тұрса, министрлік сол арқылы той өтіп жатқан жердің үстінен түспек. Жаңа жоба әзірге Алматы облысында енгізіліп отыр. Алайда жыл соңына дейін барлық аймақта қолданылмақ.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы