Самат Айтпанбет Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды
Самат Айтпанбет Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды
248
оқылды
Қазақ спортшысы Самат Айтпанбет джиу-джитсу спорт түрі бойынша Абу-Дабиде (БАӘ) өткен әлем чемпионатында алтын медаль иегері атанды. Самат Айтпанбет еліміздегі қоңыр белбеу иегерлерінің арасындағы ең алғашқы әлем чемпионы ретінде спорт тарихында қалады. Алматы облысындағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы спорт клубының спортшысы 56 кг. дейінгі салмақта жалпы 4 жекпе-жек өткізді.
"Әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ең бірінші жекпе-жекте қатты уайымдадым, өзімді толық көрсете алмадым. Дегенмен кейінгілерінде өз-өзімді жинақтап, ауырту, қылқындыру әдістерін қолданып уақытынан бұрын жеңіске жетуге тырыстым. Қолдау көрсетіп жатқан барша ағайынға және жаттықтырушыма алғыс білдіремін", – деді спортшы өз сөзінде. [caption id="attachment_127309" align="alignnone" width="900"] width= Фото: sports.kz[/caption] "Бұл тек бір ғана спортшының емес, тұтас команданың жеңісі. Қазақ еліне ортақ жеңіс. Qazaqstan Top Team академиясының жаттықтырушысы Адам Фоксқа қолдау көрсеткені үшін және осы спорт түрін дамытуға үлкен үлес қосып жүрген академия президенті Арлан Шабдарбаевқа ризашылығымды айтқым келеді. Алматы облысы Іле ауданында Джиу-джитсу спорт түрін дамытуда елеулі еңбек етіп жүрген тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, Халық қаһарманы С.Нұрмағамбетов  атындағы спорт клубының президенті Ерболат Тұрымбетов мырзаға алғыс білдіремін. Үміт күттіретін шәкірттеріміз әлі де көп. Әрі қарай жаттығу жұмыстарын жүргізіп, елімізді әлемге талай танытамыз деген ойдамын", – деп жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаров өз әсерімен бөлісті.
Айта кетейік, аталмыш жарыс 2020 жылдың желтоқсан айында өтуі керек болатын, пандемияға байланысты сәуір айына ауыстырылды. Сонымен қатар жарыс тек ересектер арасында өтті.