Футбол: «Астана» «Атырауды» жеңді
Футбол: «Астана» «Атырауды» жеңді
169
оқылды
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің төртінші туры аяқталды. Соңғы кездесуде елордада «Астана» мен «Атырау» командалары сынға түсті. Есепті атыраулық команда сапынан Джуниор Алекс ашты. Бұдан кейін елордалық клубтан Абат Айымбетов 23-минутта таразы басын теңестірді. Оның командаласы Абзал Бейсебеков 20, 36-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Атыраулық клубтан Брайан 76-минутта  гол соқты. Ойын соңына таман Роман Муртазаев 90, 93-минуттарда екі голдың авторы атанды. Осылайша, «Астана» қарсыласын 6:2 есебімен жеңді. Енді бесінші тур ойындары 13 және 14 сәуір күндері өтеді. Алдымен 13 сәуірде «Шахтёр» мен «Ақжайық», «Қызылжар» мен «Ақтөбе» кездессе, 14 сәуірде «Атырау» мен «Жетісу», «Каспий» мен «Қайрат», «Тобыл» мен «Қайсар», «Тұран» мен «Тараз», «Ордабасы» мен «Астана» командалары жасыл алаңға шығады.