Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды
Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды
257
оқылды
Ақмола облысының Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды. Облыстық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Қосшы аулының тұрғыны хабарласып, психикалық дертке шалдыққан 23 жастағы ұлы үйден 6 жастағы қарындасын ертіп белгісіз бағытта кеткенін айтқан. Бұл туралы әлеуметтік желіге жазып, желі қолданушылардан көмек те сұрапты. Полиция қызметкерлерінің іздестіру шараларынан кейін қыз табылды. Қазір жоғалған қыз анасымен қауышты, өміріне еш қауіп жоқ. Оның 23 жастағы ағасына қатысты психоневрологиялық диспансерге орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.
«Полиция қызметкерлері бірнеше топқа бөлініп, іздестіру шараларын қолға алды. Нәтижесінде жас жігіт пен қыз бала Нұр-Сұлтан қаласындағы «Еуразия» сауда үйінің маңында жүргені анықталды», – деді ПД баспасөз қызметінен.