Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
559
оқылды
10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Кешен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 га. аумақта орналасқан. Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсанда басталды. Кешенде Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар. Барлық құрылым су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы «қайық шеруі» театрландырылған шоуы өткізіледі. «Керуен-сарай» кешенінің Орталық Азияда баламасы жоқ. Ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестиция тартатын басты орталыққа айналуға тиіс. «Керуен-сарай» кешенінің ашылу салтанатына Премьер-Министр Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және инвестор, компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты. [caption id="attachment_127364" align="aligncenter" width="1200"]Түркістан Фото: Рrimeminister.kz[/caption] Инвестициялық жобаны «Turkistan Tourism City» компаниясы іске асырды.