Солтүстік Кореяда қашықтан оқуды тиімді жүзеге асыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді
Солтүстік Кореяда қашықтан оқуды тиімді жүзеге асыра алмаған шенеунік өлім жазасына кесілді
209
оқылды
РИА Новости-дің хабарлауынша, Солтүстік Корея билігі қашықтан оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша комиссия төрағасын жұмысын тиімді жүргізбегені үшін өлім жазасына кесті, - деп жазды Тengrinews.kz. Қашықтан білім беру туралы заңды іске асыру бойынша жоғары білім министрлігіндегі комиссияны Пак есімді 50 жастағы шенеунік басқарған. Комиссия құрамына 20-ға жуық профессор кірген.
Басылым мәліметінше, былтыр құрылған комиссия жұмысы жақсы нәтиже көрсете алмаған. Комиссияның кей өкілі билік саясатын сынаған. Олар көбіне қашықтан оқу заңын жүзеге асыру үшін қажет ғимарат пен құрал-жабдық жоғын айтқан, ал Пак бұл туралы бірнеше рет басшылыққа хабарлаған. Алайда оған "партияның Орталық Комитетінен бұл туралы "нұсқаулар жоғын" жеткізген. Пак бірнеше рет жағдайды өзгертуді ұсынған.