Алматы криминалдық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Жанболат Зиадин Талғар аудандық ішкі істер басқармасын басқарды.
Zakon.kz-тің хабарлауынша, былтыр сәуірде элиталық автокөліктердің кортежі жол қозғалысы ережесін бұзып, блокпостты кесіп өткен видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Кейін желіде Алматы криминалдық Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Жанболат Зиадиннің сол кортежге қатысқан көліктердің бірінен түсіп жатқан видеосы жарияланды. Қызметтік тексерістен кейін оның кортежге қатысқаны анықталып, қызметінен шеттетілді.
Сонымен бірге, блокпостан заңсыз өту фактісі бойынша және төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін бес адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал аталған оқиғаға жол берген және оған қарсы шаралар қабылдамаған полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.