Юсуп Батырмұрзаев аса ауыр салмақтағы балуандар додасында топ жарды
Юсуп Батырмұрзаев аса ауыр салмақтағы балуандар додасында топ жарды
180
оқылды
Алматыда күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. Соңғы жарыс күнінде өткен еркін күрес шеберлерінің бәсекесінде қазақстандық Юсуп Батырмұрзаев олимпиада жолдамасын және турнирдің алтын медалін жеңіп алды. 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп финалда моңғолиялық Лхагвагерел Мунхтурды 4:2 есебімен жеңіп, аса ауыр салмақтағы балуандар додасында топ жарды. Юсуп Батырмұрзаев еркін күрестен Қазақстан командасының бесінші жолдамасын қоржынға салды. 86 келідегі Азамат Дәулетбеков жартылай финалда мүлт кетіп, бұл салмақтағы лицензия мәселесі Болгарияда өтетін әлемдік турнирде шешілетін болды.