Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Сиязбек Далиев баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтыққа жүзіп, әлем кубогының күміс жүлдегері атанды. Пара жүзуден Әлем кубогы сериясы Ұлыбританияның Шеффилд қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 21 елінен 92 спортшы қатысты.
Ол баттерфляй стилінде жарыс жолын 37,65 секундта жүзіп, Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарына іріктеу нормаларынан 3 секундқа жоғары көрсеткіш көрсетті. Сондай-ақ 2018 жылғы Азия Пара ойындарының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сиязбек Далиев қазір өз сыныбында осы қашықтықта әлемдік рейтингтегі ең мықты жүзушілердің бестігіне кіреді. Ол баттерфляй стилінде Пара Азия ойындарында жарыс рекордын орнатып, 50 метр қашықтықты 37,40 секундта жүзіп өткен еді. 2019 жылы Лондонда өткен пара жүзуден әлем чемпионатында дәл осы қашықтықта үздік бестікке кірді.А.ЖАНАСЫЛ